Қазақстандықтардың маусым айында неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Маусым айында Қазақстанда мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан тек аптаның демалыс күндері ғана тынығатын болады. Атап айтсақ, сенбі және жексенбі күндері айдың 5, 6, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 күндеріне дөп келеді. Осылайша барлық демалатын күндер саны – 8 болып отыр.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні сейсенбіге сәйкес келеді. Дегенмен, маусым айында мемлекеттік болмаса да, бірқатар кәсіби мереке мен маңызды күндер атап өтіледі.
Мысалы, 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күні, 5 маусым – Эколог күні, 7 маусым – монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні, 23 маусым – полиция күні.
Маусымның екінші жексенбісінде жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері, ал үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді.
Сондай-ақ, 28 маусым – Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні.