31 мам, 2022 сағат 18:33

Маусымда ауа райы қандай болады?


Қазгидромет 2022 жылдың маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктер маусымның басында Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жазғы ауа райы сақталатынын айтты, күндіз ауа температурасы +25+33 градусқа дейін болады. Маңғыстау облысының оңтүстігінде одан да ыстық болуы мүмкін - +38 градус.

"Еліміздің батысын қоспағанда, көптеген облыста атмосфералық фронттардың өтуімен қысқамерзімді жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Температура салыстырмалы түрде төмен болады, күндіз +15+23 градус, елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында +20+28 градус. Ал, солтүстік-батыс бөлігінде Солтүстік антициклон әсерімен түнде ауа температурасы төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Маусымның бірінші онкүндігінің ортасына қарай, Жерорта теңізі мен Орта Азияның шығыс жағалауынан келетін ауа массалары бүкіл ел аумағындағы ауа температурасының ыстық болуына әсер етеді. Сол себепті термометр бағандары +28+36 градусқа дейін, Қазақстанның оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жекелеген күндері +40°С дейін көтерілуі мүмкін. 

"Бірінші онкүндіктің соңы және екінші онкүндіктің басында — республиканың батысында, содан кейін елдің қалған аумағында жылудың төмендеуі болжанады.

Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде қатты жел, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен қысқамерзімді жаңбыр тұрақты әрі ыстық ауа температурасына ауысады.

Сонымен қатар, ауа температурасы ауытқиды: Қазақстанның солтүстік жартысында түнде +15+22°С-тан +5+13°С-қа дейін, күндіз +28+36°С-тан +18+25°С-қа дейін; елдің оңтүстік жартысында түнде +18+26°С-тан +10+16°С-қа дейін, күндіз +33+42°С-тан +25+30°С-қа дейін", - делінген ақпаратта.