Мәскеудің Денсаулық сақтау жүйесі эпидемияның ауыр жүктемесіне төтеп берді. Бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собянин мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Вируспен ауырғандар саны азайып келеді. Алда әлі көп жұмыс күтіп тұрса да, денсаулық сақтау жүйесі бұл қатты қысымға төтеп бергені анық», - деп жазды мэр өзінің сайтында.
Пандемия басталғалы әлемде 110 миллионға жуық адам коронавиурсқа шалдыққан, 2,4 млн адам көз жұмған. Ресейде коронавируспен күрес жөніндегі федералды жедел штабтың мәліметінше 18 ақпандағы жағдай бойынша 4 125 598 ауру жұқтыру жағдайы тіркелген, 3 661 312 науқас емделіп шықса, 81 926 адам қайтыс болған.
Ресейде коронавирус жұқтырушылар саны бойынша Мәскеу көш бастап тұр. Мұнда 962 637 ауруға шалдығу жағдайы анықталған, 878 655 науқас сауығып шықса, 14 578 адам көз жұмған.