Ресей астанасы Мәскеу қаласында бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 53 адам көз жұмды. Осылайша індеттен көз жұмған адамдар саны 3 334-ке жеткен. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
«Мәскеуде пневмония диагнозы қойылып, коронавирус инфекциясына алынған тест қорытындылары оң болып шыққан 53 пациент көз жұмды», - делінген хабарламада.
Ресей астанасында коронавирустен жалпы 3 334 адам көз жұмған.
Пандемия басталғалы, әлемде коронавирус індетіне 7,7 млн астам адам шалдығып, 430 мыңға жуық науқас қайтыс болды. Ресейде індет жұқтырудың 528 964 оқиғасы тіркеліп, 280 050 адам жазылып, 6 948 адам қайтыс болды.