Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маска тағудың енді қажеті жоқтығы туралы жазылған мәлімдемесі талқылануда. Құжат скриншоты осы жылдың 25 қаңтарында жарияланған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алайда, stopfake.kz сайтының мәліметінше, ДДҰ-ның ешбір маманы мұндай мәлімдеме жасамаған.
«Интернетте тарап кеткен скриншот Principia Scientific International конспирологиялық ресурсынан шыққан және ДДСҰ-ға еш қатысы жоқ.
Сайтта, тіпті, контекстен алынған дәйексөз келтірілген, шындығында, ол ДДҰ-ның 2020 жылғы 1 желтоқсандағы Mask use in the context of COVID-19 құжатынан алынған. Онда «адекватты қорғаныс деңгейін қамтамасыз ету үшін масканы тиісінше қолдану жеткіліксіз» делінген.
Бұдан әрі түпнұсқа құжатта COVID-19 алдын алу бойынша қолды жиі жуу және әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты басқа нұсқаулар берілген.
Сонымен қатар, құжатта маска тағудың тиімділігін көрсететін зерттеулердің нәтижелері келтірілген», - делінген сайтта.
Анықталғандай, бұл осы құжатты қолдана отырып, жасалып отырған алғашқы манипуляция емес. Бұған дейін ДДҰ басшылығының маска тағу жөніндегі нұсқаулығы оларды қолдану қаупін мойындау ретінде түсіндірілген болатын. Бірақ StopFake.kz құжатта шын мәнінде не туралы айтылғанын егжей-тегжейлі жазған еді.