Сан-Исидро қаласының бас прокуратурасы Диего Марадонаның өліміне қатыста жеті медицина қызметкеріне айып тағып отыр, деп хабарлайды EFE агенттігі.
Дәрігерлер «адамды қасақана өлтіру» бабы бойынша 8 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Прокуратура есебінде Марадонаның денсаулығын бақылаумен айналысқан дәрігерлер бригадасының ессіздік танытып, науқастың халін жағдай еншісіне қалдырғаны айтылған. Сан-Исидро қаласының бас прокуратурасы соттан айып тағылғандарға Аргентинадан кетуге тыйым салуды сұрады.
Марадона өткен жылы 25 қарашада 61 жасында дүниеден өтті. Аты аңызға айналған футболшы жүрек қызметінің жедел жетіспеушілігінен өкпесі қабынып, көз жұмды.
Марадона – 1986 жылғы әлем чемпионы, ХХ ғасырдың үздік футболшыларының бірі. Ол барлығы 687 матч ойнап, 369 гол соққан.