20 шіл, 2020 сағат 16:11

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясы биыл өтпейді

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясының биылғы маусымын өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мұндай шешімге халықаралық одақ медициналық комиссия және турнирді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобымен кеңескен соң келді. 

Гран-при сериясының өткізілмеуіне мемлекеттер арасындағы әуе қатынасының толықтай ашылмауы себепкер болып отыр. 

Сондай-ақ, Жапония бастаған бірқатар елдер спортшыларды жарысқа жіберуден бас тартуда. 

«Біз жасөспірімдер арасындағы мұндай ауқымды жарыстың өтпей қалғанына өкініш білдіреміз. Алайда, мұндай қадамға спортшылардың денсаулығын ойлағандықтан барып отырмыз» делінген ISU ресми мәлімдемесінде.