23 мам, 2017 сағат 08:35

Манчестерде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 20-ға жетті

Ұлыбританиялық БАҚ куәгерлерге сілтеме жасай отырып, америкалық әнші Ариана Гранденің концерті өткен «Манчестер-Арена» стадионында екі жарылыстың болғанын хабарлады, - деп жазады РИА Новости.

Қалалық жабық стадион алаңында болған жарылыстан жиырма адам қаза тауып, жүздеген адам зардап шекті, дейді ТАСС агенттігі.

Жарылыс билеттер сатылатын дәлізде болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс жүргізуде.

Стадионға 21 мың адам сияды. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс концерт аяқталып, көрермендер алаңнан шығып кеткеннен кейін болған.  

«Ариана Гранде соңғы әнін орындап, сахнадан түсіп кетті. Сол сәтте қатты жарылыстың дауысы шықты. Мыңдаған адамның алаңнан шығуға талпынып, айқайлап жылаған дауысы естілді», - дейді оқиға куәгері Daily Mail басылымына берген сұхбатында. 

Ұлт порталы