«Манчестер Юнайтед» басшылығы команданың бельгиялық шабуылшысы Ромелу Лукакуды жаттығу базасына келмегені үшін жазалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" The Mirror-ге сілтеме жасап.
4 тамыз күні Ромелу 2009-2011 жылы өзі ойнаған «Андерлехт» клубының базасынан көрініп қалды. Келесі күні бельгиялық футболшы «қызыл сойқандардың» жаттығуына келуге міндетті болған. Клуб Лукакадан түсінік беруін талап етті, әзірге жауап ала алған жоқ. Жаза ретінде футболшыға 435 мың еуро айыппұл салынды. Бұл – осындай тәртіп бұзушылық үшін салынатын ең жоғары мөлшердегі айыппұл.