01 мау, 2021 сағат 10:11

Мәлік Мырзалин: Мұғалімдер мен фельдшерлер де әкім сайлауына түсе алады


Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин Хабар-24 арнасына берген сұхбатында қандай адамдардың әкім сайлауына мемлекеттік қызметтегі өтілінсіз түсе алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, мектеп директорлары, оның орынбасарлары, тіпті мұғалімдер мен фельдшерлер өз саласында 6 жылдан артық істесе, сайлауға түсе алады. Фермерлік шаруашылық басшылары туралы да осыны айтуға болады. Өкінішке қарай, сарапшылар қауымдастығы осы мәселені сәл дұрыс түсінбей жатыр. Біліктілік талабының 9 нұсқасы бар. Кандидат сол тоғыз нұсқаның біріне сәйкес келуі керек. Иә, мемлекеттік қызмет туралы талап бар. Бірақ тағы бір талап бойынша, мемлекеттік қызметте еңбек өтілі болмаса да, әкім бола алатыны жазылған. Ғылыми дәрежесі бар адамдар мемлекеттік қызметте өтілі болмаса да, әкім бола алады. Президенттік жастар кадр резервінде тұрған балаларға да мүмкіндік қарастырдық», - дейді Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары.