17 ақп, 2021 сағат 08:41

Мальдив аралдарынан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды

2021 жылдың 16 ақпанында халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" .

16 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальта, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 

1 972 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 759 адам, анықтамасыз 213 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 622 жолаушы, анықтамамен - 1 413, анықтамасыз - 209; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 350 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 4.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижесін күтіп отыр. 

Анықтамасыз келген 383 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша Мале – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.