09 мам, 2020 сағат 10:12

Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден беріледі - Президент

Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 100 мың теңгеден беріледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».  

«Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Мемлекет басшысының жазуынша, су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешіледі.