Фото: Michael Probst/Copyright 2024 The AP
Қамауда отырған Сауд Арабиясының 50 жастағы психиатрына кісі өлтірді және өлтіруге оқталды деген бірнеше айып тағылып отыр, деп хабарлайды Euronews.
Атап өтілгендей, ер адам Германияда жиырма жылға жуық уақыт тұрып жатқан, бірақ шабуылға не себеп болғаны әлі белгісіз.
Сенбі күні кешке Магдебургте 2 мыңнан астам адам қатысқан әсіре оңшылдар шеруінде төбелес пен тәртіпсіздіктер орнады.
Араларында кейбіреуі қара балаклава киген наразылар иммигранттар мен этникалық немістер саналмайтын адамдарды жаппай депортациялауды жақтайтын әсіретоңшыл жақтастар арасында танымал термин «реэмиграция» деген жазуы бар үлкен плакат ұстады.
Судья күдікті Талеб Абдулмохсенді бес адам өлтіру, сондай-ақ кісі өлтіруге оқталу және денеге ауыр жарақат салу бойынша сотқа дейін қамауға алуды бұйырды.
Еске салсақ, жұма күні кешке қара түсті BMW жүргізушісі көлікті Магдебургтегі (Саксония-Анхальт федералды штаты) Рождестволық базарға әдейі бағыттап, бірнеше адамды қақты. Bild газетінің хабарлауынша, кем дегенде 11 адам қаза тауып, 80-ге жуық адам жараланған, бірақ ресми түрде тек екі өлім, оның ішінде бір бала расталды. Саксония-Анхальт пен Магдебург билігі бұл оқиғаны теракт деп атады.
Кейіннен жүргізушінің ұсталғаны хабарланды. Оның 1974 жылы туған Сауд Арабиясының тумасы екені анықталды.