28 шіл, 2020 сағат 18:43

Мадридте жаппай маска тағу міндеттелді

Мадридте сейсенбі күні коронавирус эпидемиясымен күрестің жаңа шараларын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Укринформ агенттігі.

Автономды қауым президенті Изабель Диас Аюсо өңірде жаппай маска тағу ережесі енгізілетінін хабарлады. Сонымен қатар бұрын толық жұмыс істеуге рұқсат етілген мейрамхана мен террассалардың жұмысына шектеу қойылды, 10 адамнан көп жиналуға тыйым салынды. 

Коронавирус қаланың мейрамхана мен түнгі клубтарында тарап жатқандықтан жаңа шектеу ережелері енгізіледі. 

Жақында полиция карантин тәртібін сақтау сапасын тексеру кезінде осындай клубтардың бірін жапты. Құқық қорғаушылар маскасыз отырған жүзге жуық демалушыны анықтаған. 

Worldometer мәліметі бойынша, әлемде 16 659 409 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген. Олардың 656 853 қайтыс болса, 10 253 211 адам жазылып шықты.