07 шіл, 2020 сағат 15:58

Мәдина Жүнісбекова Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мәдина Серікқызы Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды primeminister.kz.

Мәдина Жүнісбекова Алматы қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон – Сорбонна университетін, Пантеон-Ассас университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Коммерциялық секторда, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығында және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде жұмыс істеді.

Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына 2018 жылғы сәуір айында тағайындалды.