21 сәу, 2017 сағат 09:49

Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

Асқар Баталов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" . 

"Бірнеше минут бұрын Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі аппаратының кеңесі кезінде ұжымға жаңа вице-министр Асқар Баталов таныстырылды. Ол туризм саласын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін болады", - деп жазды Facebook желісіндегі өз парақшасына Туризм индустриясы департаментінің басшысы Марат Иғали. 

Бұл қызметке тағайындалғанмастан бұрын Асқар Баталов Еуразиялық экономикалық комиссиясының Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болған.