Мадагаскар полиция министрі тікұшақ апатқа ұшырап, теңізге құлағаннан кейін жағалауға дейін 12 сағат бойы жүзіп жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Онымен бірге қауіпсіздік қызметінің тағы бір шенеунігі аман қалған.
Теңіз агенттігінің мәліметінше, кеменің апатқа ұшырауы салдарынан мерт болғандар саны 64-ке жеткен. Кем дегенде 20 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.
57 жастағы Гелле жел екпіні салдарынан тікұшақтың құлағанын, Махамбоға дейін дүйсенбі күні сағат 19:30-дан сейсенбі күні 7:30-ға дейін жүзіп жеткенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, ешқандай жарақат алмаған, бірақ қатты тоңған.
Полиция бастығы Зафисамбатра Равоави Франс пресс агенттігіне Гелленің жүзу құралы ретінде тікұшақ орындықтарының бірін пайдаланғанын айтып берді.
Серж Гелле министр болып тағайындалғанға дейін полицияда 30 жыл қызмет еткен.