30 мам, 2022 сағат 12:08

Лувр қонағы әйгілі "Мона Лизаға" торт лақтырды - видео



Луврға келушілерінің бірі Леонардо Да Винчидің аңызға айналған шедеврі – "Мона Лиза" немесе "Джоконда" картинасына торт лақтырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі Marka басылымына сілтеме жасап.
Ер адам мүгедектер арбасына таңылған қарт әйел кейпінде келген. Осылайша өзгелермен бірге Луврға кірген. "Мона Лизаның" алдында кенеттен арбасынан тұрып, картинаға торт лақтырған. Оқиға жексенбіде болған.
Күзетші ер адамды бірден шығарып жіберді. Ал жұмысшылар торттың қалдығын шыныдан жуып тастады. Картина әйнекпен жабық тұрады. Сондықтан еш зақым келген жоқ. Болған оқиғаны келушілер ұялы телефонға түсіруге асықты.
Басылым шедеврді бүлдіру үшін жасалған алғашқы әрекет емес екенін жазады. 1950 жылдары ер адам оған күкірт қышқылын сепкен. Ал боливиялық студент оған тас лақтырды. 2009 жылдың жазында ресейлік турист картинаға бір кесе шай серпіп жіберді.