WBO нұсқасы бойынша бірінші жеңіл салмақта әлем чемпионы украиналық Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) допинг-тесттен өте алмай, қазақстандық Геннадий Головкинмен реванш өткізуден бас тартқан мексикалық Сауль "Канело" Альваресті мазақ етті, деп хабарлады Vesti.kz.
"Егер мен Мексикаға барсам ет жеймін, сөйтіп орта салмаққа өте аламын", - деді Ломаченко журналистерге берген сұхбаты кезінде.
Айта кетейік, биыл ақпанда Альварес екі рет допинг-тесттен өте алмай қалды. Кейін оның командасы допингтің ағзаға ет арқылы түскенін дәлелдеді, сөйтіп NSAC оны алты айға бокстан шеттетті.
Допингке қатысты дау үшін Альварес Головкинмен екінші жекпе-жек өткізуден бас тартты, кездесу 5 мамырда өтуі тиіс еді. Бірақ ол күні Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 KO) жекпе-жек өткізіп, екінші раундта нокаутқа түсірді.
Кейін Мартиросян "Канелоға" ақылын айтып, Головкиннен "қаш", деді.
"Пойыз астында қалғандай болдым. Бір ғана емес, барлық соққысы сондай болды. Бұған дейін мені ешкім бұлай қатты ұрмаған. Головкин - сұмдық панчер. Әрбір соққысы дәл әрі мығым болды. Головкин соққысының күшімен таңғалдырды. "Канелоның" әлгі етті не үшін жегенін түсіндім", - деді Мартиросян жекпе-жектен кейін.