16 қаз, 2019 сағат 12:39

«Ливерпуль» футболшысы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді

«Ливерпуль» футбол клубының қорғаушысы Трент Александер-Арнольд Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Бұл туралы GuinnessWorldRecords Тwitter-дегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2018/19 жылғы маусымда 21 жастағы футболшы Англия Премьер-лигасында 12 голдық пас берді. Бұл - АПЛ қорғаушыларының арасында бір маусымдағы ең үздік көрсеткіш.

Бұған дейінгі рекорд «Эвертон» намысын қорғаған Энди Хинчклифф (1994/95) және Лейтон Бэйнстерге (2010/11) тиесілі еді. Олар АПЛ-де бір маусымда 11 голдық пас берген.