21 қаз, 2022 сағат 10:15

LG зауыты Ресейден Қазақстанға көшуі мүмкін - БАҚ


Оңтүстік Кореяның тұрмыстық техника өндіруші LG Ресейдегі зауытын жауып, өндірісті Қазақстан немесе Өзбекстанға көшіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, LG Мәскеудегі тоңазытқыш, кір жуғыш машина мен теледидар шығаратын зауытты жабуды жоспарлап отыр. Қазір компания қоныс аударатын жер ретінде Қазақстан мен Өзбекстан нұсқаларын таңдап жатыр.

Өзбекстанда Samsung жабдықтарын шығаратын Artel компаниясымен келіссөздер жүргізілді. Өндірістің Өзбекстанда ашылуы арзан жұмыс күшінің арқасында тиімдірек, бірақ Қазақстанда төлем қабілетті тұтынушылар көп дейді мамандар.