07 там, 2019 сағат 15:21

«Лекима» тайфуны Қытайға жақындап қалды

Қытай Орталық метеорологиялық обсерваториясының болжауынша, 8 тамыздан 9 тамыз аралығында тропикалық «Лекима» тайфуны Тайвань аралының солтүстік жағалауына жетуі мүмкін, содан кейін елдің шығыс жағалауындағы Фуцзянь немесе Чжэцзян провинцияларына қарай жылжи бастайды.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, тайфун көзі Тайбэйден оңтүстік-шығысқа қарай 1000 км қашықтықта орналасқан.

«Лекима» қазіргі кезеңде солтүстік-батысқа қарай 5-10 км/сағ. жылдамдықпен қозғалып бара жатыр,  дауылдың қарқындылығы біртіндеп артып, екпіні 35-40 м/с жетуі ықтимал.