ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-нің Компьютерлік оқиғалар бойынша әрекет ету қызметі Қазақстан Республикасы аумағында интернет алаяқтардың белсенділігі артқанын айтып ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат мекеменің сайтына сілтеме жасап.
KZ-CERT қызметіне Қазнет сегментіндегі домен иелерінен келіп түскен шағым көбейіп кеткен. Өйткені оларға ҚР хостинг компаниялары атынан төмендегідей фишинг ескерту хаттар келе бастаған.
«Құрметті домен әкімшісі! Сізге isoft.kz атынан доменді тіркеу мерзімі аяқталғанын хабарлаймыз. Сізге осы ескертуді алған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде доменді пайдалану уақытын создыру үшін төлем жасауыңыз керек.
Төлеу
Егер көрсетілген мерзімде төлем жасалмаса, доменді иемдену құқығы тоқтатылады. Ол домендер атының тізбесінен өшіріледі және басқа тұлғалардың тіркеп алуына қолжетімді болады. Біздің компанияның қызметтерін пайдаланғаныңыз үшін алғыс айтамыз».
Жалған хаттар mail.ru пошта серверлерінен жүргізілген. «Төлеу» деген батырманы басқанда ол «Яндекс.Деньги» онлайн төлем сервисіне өтеді.
KazNIC Қазақ желілік ақпарат орталығының және қазақстандағы хостинг компаниялардың өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олардың айтуынша, көптеген қазақстандық компаниялар «Яндекс.Деньги» төлем жүйесін ақы алу үшін пайдаланбайды, сонымен қатар олар байланысу үшін @gmail.com мен @mail.ru секілді тегін сервистерді қолданбайды.
"Егер де сізге фишинг жолдама келсе, онда сілтемені басып, оған өтпеңіз", деп ескертеді ведомстводағылар.