07 мау, 2021 сағат 18:18

Қызымның жеңісі барлық уайымды ұмыттырып жіберді – Жансая Әбдімәліктің анасы


Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ерлер арасындағы халықаралық гроссмейтер Жансая Әбдімәліктің анасы Алма Әшірова Гибралтар турниріндегі жеңістен кейінгі әсері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Спортшыдан қарағанда ата-анасының қуанышы 100 есе көп болатын шығар. Жансая турнирді аяқтағаннан кейін екеуміз сөйлесіп отырғанда мен қызыма осы шақтың әрбір сәтін, әрбір минутын есіме сақтағым келетінін айтқан едім. Кеудемді мақтаныш сезімі кернеп тұрды. Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жай ғана отырып, сол қуанышты сәттегі күйімді есіме сақтауға тырыстым. Оның тарихи жетістігі соншалықты үлкен. Әр азамат өзінің өмірлік ісінде артында із қалдырғысы келетін шығар. Қызымның тарихи жетістігі шынымен де орасан», - деді бапкер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Шахматшының анасы турнирде кілең мықты қарсыластар жиналғандықтан, уайым көп болғанын да еске алды.

«Мен барлық қазақстандық аналарға шын жүректен осындай бақытты шақты бастан кешіруді тілеймін. Осындай сәттер біздің өмірімізді ұзартатын болса керек. Әкесі үйге келгенде өміріңе неше жыл қосып келдің деп әзілдеді. Мен «Өте көп жыл қосып алдым» деп жауап бердім. Турнирдің өзі қобалжуға толы болды. Ал қорытындысы бүкіл уайым мен қобалжуды ұмыттырып жіберді. Ананың бақыты барлық жеңіске лайық шығар. Бүкіл аналар осындай бақытқа кенелсін», - деп түйіндеді Алма Әшірова.