Орталық коммуникациялар қызметінде Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қатысуымен қызылшамен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдайға арналған брифинг өтті.
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің деректері бойынша эпидемиологиялық жағдайды ведомство тұрақты бақылауға алған жəне барлық қажетті шаралар қабылданды.
«Өткен жылғы жылғы 1 сəуірден бастап Қазақстанда халықты қосымша иммундау басталды. 9 айға толған балалар, егу мəртебесі белгісіз 30 жасқа дейінгі адамдар, бұрын егілмеген жəне қызылшамен ауырмаған, 5 жəне одан да көп жыл бұрын инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы бір екпемен егілген адамдар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға жататын медицина қызметкерлері вакцинацияланатын болады. Себебі халықтың осы тобында қызылшамен ауыратын науқастармен жиі байланыста болғандықтан жұқтыру қатері жоғары» деді Ж.Бекшин.
Вакцинация үшін қызылшаға, қызамыққа жəне паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина пайдаланылатын болады. Вакцинаны «Серум институт оф Индия» (Үндіс тан) компаниясы өндірген, вакцинаның сапасына ДДСҰ кепілдік беріп отыр.
Бұл вакцина əлемнің 70-тен астам елінде, оның ішінде соңғы 10 жыл бойы Қазақстанда да пайдаланылуда.
Биылға арнап Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС республикалық бюджет қаражаты есебінен 788,4 млн теңге сомаға 651,5 мың дозаны (1 дозаның бағасы шамамен 1209 мың теңгені құрайды) сатып алды. Бүгінде вакцина елге əкелініп, барлық өңірге таратылды.
Бас мемлекеттік санитарлық дəрігер халық үшін вакцинация тегін жүргізілетінін, екпені алу үшін бекітілген аумақтық емха наға жүгіну қажеттігін атап айтты.
«Қоғамдық денсаулық сақ тау комитеті қызылшамен сыр қаттану бойынша жағдайға күн сайын мониторинг жүргізеді. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі уақыт аралығында қызылшаның 4670 расталған жағдайы тіркелген, оның ішін де 14 жасқа дейінгі балалар ара сында 3350 жағдай (71,2%). Қы зылшаның тіркелуі рес пуб ликаның барлық өңірінде бай қалады, 5 өңірде – Нұр-Сұлтан қаласында (ағымдағы жылғы қаңтардан бастап – 1342 жағдай), сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола жəне Түркістан облыстарында өсуі байқалады, яғни Алматы қаласындағы 84 жағдайдан Шымкент қаласындағы 700 жағдайға дейін тіркелген. Бүгінде республика бойынша 74 науқас, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 19 науқас емделуде», – деді Ж.Бекшин.
Ол сондай-ақ қызылшамен сырқаттану көбінесе егілмеген балалардың арасында тіркеліп отырғанын, бұл 60,2%-дан астам адамды (2815) құрайтынын айтты, егу жасына толмаған балалар (1 жасқа толмаған) – 54%, медициналық себептермен кейінге қалдырулар (жіті аурулар жəне созылмалы аурулардың асқынуы, окнологиялық аурулар, орталық жүйке жүйесі ауруларының ауыр үдемелі аурулары) – 32%, вакцинациядан бас тарту – 13,9% (391) себептері бойынша егілмеген.
Инфекцияның таралуына егілмеген адамдардың, оның ішінде 80-жылдардың соңында жəне 90-жылдардың басында вакцинацияның болмауына байланысты вакцинация алмаған келешек аналардың болуы да ықпал етті.
Бүгінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 10 мыңнан астам адам егілді. Еуропа елдерінде қызыл шамен сырқаттануда жағдайдың күрделенуі байқалды жəне Қазақстанда сырқаттың өсуі көп теген мемлекеттермен іскерлік жəне туристік қатынастарға байланысты осы елдерде қызылшаның өршуі салдарынан 2018 жылдың соңынан бастап орын ала бастаған. Қазақстанда айналымда жүрген қызылшаның вирустарын генотиптеу еуропалыққа ұқсас D8 жəне В3 штамдарының айналымын көрсетіп отыр. Бұл ретте, В3 генотипінде Dublin генетикалық желілері, сондай-ақ жоғары агрессивтілігімен, патогенділігімен жəне жұқпалылығымен сипат талатын Kabul желілері анықталған.
Қызылша вирусы ауа-тамшы жолымен жеңіл беріледі жəне өміршең бөлшектері қызылша ауруы н тасымалдаушы үй-жайдан шығып кеткеннен кейін екі сағатқа дейін ауада сақталады. Қы зылша бөртпе пайда болғанға дейін төрт күн бұрын жəне бөртпе пайда болғаннан кейін төрт күнге дейін басқа адамдарға беріле алады. Сондықтан ауру жұқтырған адам қызылшаның ешбір белгілерінсіз жəне өзінің денсаулығы туралы білмей вирус таратуды жалғастырады. Олар адамдармен қарым-қатынаста болып, жұмысқа, мектепке, дүкенге барады, маршруттарда жəне метрода жүреді. Егілмеген адамдар вирусы бар ауамен тыныс алғаннан кейін 90% жұқтыру ықтималдығына ұшырайды.
«Вирустық инфекциялар бойынша, оның ішінде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жас балалары бар аналарға, сондай-ақ əртүрлі себептермен (баласының денсаулығы егу жасына толмаған, вакцинациядан бас тарту жəне т.б.) профилактикалық егу алмаған бар лық адамдарға қызылша бойын ша эпидемиялық жағдай тұрақтанғанға дейін адамдар көп жиналатын жерлерге (сауда-ойынсауық орталықтары, кинотеатрлар, ХҚКО жəне т.б.) бару дан бас тартқан жөн» деген ұсынысын білдірді Ж.Бекшин.
Қызылшадан қорғанудың бірден-бір тиімді шарасы – вакцинация. Дене қызуының көтерілуі, катаральдық көріністер (жөтел, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы) жəне денеге бөртпенің шығуы сияқты белгілер пайда болған жағдайда уақтылы диагностикалау, емдеу жəне асқынуларға жол бермеу мақсатында дəрігерге жүгіну қажет.
Қызылша медициналық көмекке кеш жүгінген жəне қоса жүретін ауыр аурулар болған жағдайда өлімге алып келуі мүмкін. Яғни, пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энце фалит (ми қабығының қабынуы) сияқты қабынулардың асқынуымен қауіпті. Бұдан басқа, жол жүруді, саяхатқа шығуды жоспарлаған кезде азаматтарға бару жоспарланып отырған елдегі инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайды білу жəне қорғаныш шараларын қабылдау, қызылша жағдайы кезінде вакцинация алу ұсынылады.
Нұрболат Абайұлы