14 жастағы қызылордалық Тимур Тян "Голос. Дети" конкурсының тоғызыншы маусымына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
25 наурызда шыққан эфирде жас әнші Александры Пахмутова мен Николай Добронравовтың "Как молоды мы были" атты әнін орындады. Қазылар алқасынан оны Егор Крид таңдады.
"Мен бұл жобаның бір мүшесі болғаныма қуаныштымын. Егор аға, рақмет, сіздің әндеріңізді тыңдағанда әлі кішкентай едім. Александр Борисович орындаған әнді айтып шыққаныма ризамын", - дейді Тимур.