Фото: Ашық дереккөз
Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
"Істі тергеу барысында оның 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік кредитін рәсімдегені анықталған. Барлығы 235 адам зардап шекті, оларға 2,9 млрд теңге залал келтірілген", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Тергеу барысында күдікті Қаржауов тергеуден жалтарып, іздеуге жарияланған. Қазіргі уақытта ол Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.