17 ақп, 2021 сағат 12:38

Қыздар арасындағы чемпиондар лигасы: БИИК-Қазығұрт «Бавариямен» ойнайды

Әйелдер арасындағы UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды. Турнирдің аталған сатысында қазақстандық «БИИК-Қазығұрт» командасына Германияның «Бавариясы» қарсылас атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алғашқы ойындар 3, 4 және 10, 11 наурыз күндеріне белгіленген. Ал ширек финал 23, 24, 31 наурызда және 1 сәуірде болады. 

Ал командалар 24, 25 сәуір және 1, 2 мамырда жартылай финалда кездессе, финал 16 мамырда Швецияның Гетеборг қаласындағы «Гамла Уллеви» стадионында өткізіледі.

Естеріңізге сала кетелік, 1/16 финалда қазақстандық клуб Украинаның «Жилстрой-2» командасын екі ойынның нәтижесімен (1:0, 1:2) орта жолда қалдырды. 

Ал неміс футболшылары Нидерландының «Аяксын» екі ойында жалпы есепте 6:1 есебімен сүріндірді. 

Айта кетейік, «БИИК-Қазығұрт» бұдан бұрын аталған турнирдің 1/8 финалында сынға түсті. 

2016/17 жылғы кезеңде - Францияның Пари Сен-Жермен, 2019/20 жылғы кезеңде биылғы қарсыласы - «Баварияға» жол беріп қойды.