Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті 2021 жылдың 8 наурызы күні жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Шектеулер Қазақстан Республикасында Халықаралық әйелдер күнінің тойлануымен байланысты.
Атап айтқанда, сол күні азаматтар, көлік құралдары және жүк Мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді.
Министрлік тасымалдаушылардан және шекарадан өтуді ойлаған барлық азаматтарға шектеу шараларын ескере отырып, өз бағдарларын алдын-ала жоспарлауды сұрайды.