Чэнду қаласында (Сычуань провинциясы, ҚХР) 2021 жылдың тамыз айында өтпек болған Дүниежүзілік жазғы универсиада пандемияға байланысты 2022 жылға ауыстырылды, деп хабарлайды «Синьхуа»агенттігі.
Универсиаданың жаңа мерзімі барлық мүдделі органдармен келісілгеннен кейін белгілі болады. Дүниежүзілік студенттік ойындардың атауы және Чэнду турнирінің логотипі сақталады.