Шығыс Қытайдың Аньхой провинциясында орналасқан Бэнбу қаласындағы химия зауытында жарылыс болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.
Хабарларға қарағанда, жарылыс жөнделіп жатқан запастағы резервуардың ішінен шыға алмай қалған жұмысшыны құтқару кезінде болған.
Оқыс оқиға салдарынан жұмысшы да, оны құтқармақ болған өрт сөндіруші де қаза тапты. Тағы тоғыз адамды күйік шалған. Зардап шеккендердің барлығы Бэнбу ауруханасына жеткізілді.
Жергілікті билік жарылыс себептерін анықтауға жұмыстарын жүргізіп жатыр.