Қытай Sinovac фирмасының COVID-19 вирусына қарсы шығарған CoronaVac вакцинасын 3-17 жас аралығындағы балаларға қолдануға рұқсат берді. Бұл туралы Sinovac фирмасының төрағасы Инь Вэйдун мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Global Times басылымы Sinovac басшысы Инь Вэйдуннің мәлімдемесіне сілтеме жасап жазуынша, CoronaVac вакцинасын 3-17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануы мақұлданған.
«Бірақ вакцина қандай жағдайда салынады және қай жастан бастап қолданылатыны әлі шешілмеген», - деді компания басшысы.
Sinovac аталмыш жас аралығындағы клиникалық сынақтардың І және ІІ кезеңін аяқтады, оған бірнеше жүздеген ерікті қатысты. Сынақ қорытындысы вакцинаның қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсетті.
Маусым айының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Sinovac компаниясының коронавирусқа қарсы шығарған вакцинасының шұғыл жағдайда қолданылуын мақұлдады.