Қытайда коронавирусқа қарсы 16 вакцина клиникалық зерттеуден өткізуге мақұлданды, оның алтауы сынақтың үшінші кезеңіне жетті. Бұған ҚХР Дәрі-дәрмекті бақылау жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәліметтері дәлел, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Коронавирусқа қарсы екі қытайлық белсенді емес вакцина нарыққа шыққан болатын. Олар сәйкесінше 2020 жылдың желтоқсанында және 2021 жылдың ақпанында рұқсат алды.
Сонымен қатар, Қытай тағы төрт түрлі технологиялық тәсілдерді қолдана отырып, коронавирусқа қарсы вакциналар әзірлеуде.
Атап айтқанда, бұл - рекомбинантты препараттар, аденовирустық векторға негізделген вакциналар, нуклеин қышқылдары, сондай-ақ тұмау вирустарына негізделген вакциналар.
Еске сала кетейік, 9 ақпандағы жағдай бойынша Қытай халқының негізгі топтары коронавирусқа қарсы вакцинаның 40,52 миллион дозасын алды.
Қытай халқының негізгі топтарына арналған COVID-19 вирусына қарсы вакцинация 2020 жылдың 15желтоқсанында басталған болатын.
Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда алғашқы коронавирусқа қарсы вакцина мақұлданды.