Оңтүстік Қытайда Гуандун провинциясындағы магистральда автобус аударылып, жеті адам қаза тапты және 11-і жарақат алды. Бұл туралы жергілікті билік дүйсенбі күні мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Апат 26 тамыз күні түн ортасында Янцзян қаласында Шэньян-Хайкоу магистралінің учаскесінде болды.
Автобус тек 44 адамға арналған. Ал, жол-көлік оқиғасы болған кезде онда 47 адам болған. Алты адам оқиға орнында қаза тапты, біреуі ауруханада көз жұмды. 11 адам жеңіл жарақат алды.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының себеп-салдары анықталып жатыр.