26 жел, 2017 сағат 11:10

Қытайда 130 млн жыл бұрынғы динозавр жұмыртқасы табылды

Қытайда 130 млн жыл бұрынғы динозаврдың тасқа айналған жұмыртқалары табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ChinaNews агенттігінің хабарлауынша, 25 желтоқсанда Қытайдың Цзянси провинциясы Даюи ауданындағы құрылыс алаңынан жұмыртқаға ұқсас тастар табылды. Мамандар бұл тас кесегіндегі 30-ға жуық пішіні біртектес сопақша тастар динозаврдың тасқа айналған жұмыртқалары деген қортынды шығарды.

Мәдени ескерткіштерді қорғау қызметкерлерінің алғашқы сараптау қортындысы бойынша, бұл Овираптор динозаврының бір ұядағы жұмыртқасы. Осы күнге дейін өте жақсы сақталған. Сондай-ақ, мамандар жұмыртқаны шамамен 130 миллион жыл бұрынғы Мезозой дәуірінің Бор кезеңіне тиеселі деген шешімге келіп отыр.