Орталық Қытайдың Хунань провинциясындағы Юншунь уезінде жұмыс істейтін 12 мың мемлекеттік қызметшіде есірткі заттарының бар-жоғы тексерілуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Осы уездің шенеуніктерін есірткіге тестілеу наурыз айында басталды, сәуірдің соңына қарай аяқталады. Есірткі заттарының бар-жоғын анықтайтын талдама жасау үшін шаш сынамалары алынды, оның үлгілері бөлек конвертке салынады.
Айта кету керек, жергілікті есірткіге қарсы науқан аясында алты мемлекеттік қызметшінің шаш сынамаларынан есірткі заттарының іздері табылды.
Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, аталған шенеуніктер қызметінен босатылды.