31 нау, 2018 сағат 11:50

Қытай «Теңіз айдаһарын» сынақтан өткізді

Қытай Тынық мұхитының батыс бөлігінде адамсыз басқарылатын «Хайлун-11000» («Теңіз айдаһары»- 11000) суасты аппаратын тұңғыш рет сынақтан өткізді, деп жазады Синьхуа.

«Хайлун-11000» аппараты Қытайдың «Даян Ихао» («Мұхит-1») ғылыми-зерттеу кемесінен суға жіберілді.

«Даян Ихао» бортындағы бас ғылыми зерттеу қызметкерінің сөзіне қарағанда, «Хайлун-11000» 11 мың метр тереңдікке дейін сүңгуге есептелген. Ғалымдар мұхит астына сүңгітілген адамсыз басқарылатын аппарат 3 жыл ішінде ақпарат беріп отыруы тиіс екендігін айтты.