31 нау, 2021 сағат 08:04

Қытай коронавирустың өршуіне байланысты Мьянмамен шекаралас қаласын жаппақ

Қытай билігі Мьянмамен шекарада орналасқан елдің оңтүстік батысындағы Жуйли қаласында коронавирус жұқтырудың алты жаңа жағдайы анықталуына байланысты карантин енгізді. Бұл туралы сейсенбі күні коронавирустың жаңа түрінің таралуының алдын алу және күрес жөніндегі қала штабының таратылған мәлімдемесінде жазылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мьянмамен шекарада орналасқан Жуйли қаласының (Юньнань провинциясы) әкімшілігі сейсенбіден бастап аталған елдімекеннің барлық тұрғынын COVID-19 нуклеин қышқылдарына тестілеуден өткетінін туралы жариялады. 

Сонымен қатар, Жуйли қаласының барлық тұрғынына бір апта бойы үйден шықпауға және аса мұқтаждық болмаса елдімекеннен кетпеуге бұйрық берілді. Сонымен қатар 14 наурыздан кейін Жуйли қаласынан кеткен тұрғындар тұрғылықты жері туралы жергілікті органдарға хабарлауы тиіс, олар міндетті түрдеі коронавирус тестісін тапсырады. 

Жуйлиде 200 мыңнан астам адам тұрады. Қала Юньнань провинциясының Дэхун-Дай-Цзинпос автономиялық округінде, Мьянма шекарада орналасқан.