05 там, 2020 сағат 11:08

Қытай АҚШ-ты TikTok желісіне "қысым жасап отыр" деп айыптады

4 тамызда Пекин АҚШ-ты қытайлық TikTok желісіне "ашықтан-ашық қысым жасап отыр" деп айыптады. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok қосымшасы америкалық компанияларға сатылуы тиіс деп мәлімдеген еді. 

Қытайлық TikTok желісі АҚШ-та ұлттық қауіпсіздік мәселесіне байланысты күдікке ілінген, себебі әлеуметтік желі қолданушылардың жеке ақпаратын жинап, Қытай үкіметі талап еткен жағдайда Пекинге тапсыруға заңмен міндеттелген. 3 тамызда Трамп TikTok-ке кәсіпорынды америкалық компанияларға сату үшін алты апта уақыт берген. Трамп оның америкалық Microsoft-ке сатылуына қарсы еместігін де білдірген. 

Ал Қытайдың сыртқы істер министрі бұл нарық және Дүниежүзілік сауда ұйымының ашықтық және алаламау принциптеріне қайшы келеді деп мәлімдеді. 

Дональд Трамп осы аптада Microsoft атқарушы директоры Сатья Наделламен кәсіпорынды сатып алуға байланысты ықтимал келісім жайлы сөйлескенін хабарлаған. Трамп егер TikTok-ты Microsoft немесе АҚШ-тың өзге компаниясы сатып алмаса, "АҚШ нарығынан кетеді" деген еді. Microsoft компаниясы әлеуметтік желінің қауіпсіз екеніне және экономикалық тұрғыда тиімді екеніне толық көз жеткізгеннен кейін келісім жасасуы мүмкін екенін мәлімдеген.