26 қыр, 2022 сағат 12:35

Қыркүйектің соңғы аптасы суық болады - синоптиктер


Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктер мәліметінше, қыркүйектің соңғы аптасында нағыз күзгі ауа райы орнамақ.

"Алдағы тәуліктерде солтүстік-батыс циклонның соңынан Жаңа жер аудандарына суық антициклон келеді. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Көктайғақ, тұман және ауа температурасының минус мәндеріне дейін төмендеуі күтіледі. Желдің күшеюі болжанады, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Еліміздің солтүстік өңірлерінде термометрлердің түнгі көрсеткіштері 1-6 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз ауа температурасы 1-6 градусқа дейін жоғарылайды. Республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы15-23 градусқа дейін жылынады", - делінген хабарламада.