23 шіл, 2020 сағат 15:40

Қыркүйекте күн жылы болады – синоптиктер

«Қазгидромет» РМК директоры Данара Әлімбаева алдағы қыркүйек айында елімізде күн жылы болатынын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алдын ала жасалған болжамға сәйкес, елімізде қыркүйекте күн жылы болады. Еліміздің басым бөлігінде, Қазақстанның солтүстігінде, батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын қалыптан аз болатыны күтілуде. Қыркүйекке қатысты толыққанды болжам 15 тамызда жарияланады», - деді Данара Әлімбаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.