Қырғызстанда бүгін, 29 наурызда коронавирус инфекциясына қарсы Қытайдың SinoPharm препаратымен вакциналаудың бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Бірінші екпені №7 Отбасылық медицина орталығында елдің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басшысы Алымкадыр Бейшеналиев пен оның орынбасары алды.
Ол брифингіде аталған вакцинаның тиімділігі жоғары және оның қандай да бір жанама әсері жоқ екенін екенін мәлімдеді.
Еске сала кетсек, 20 наурызда Қырғызстанға 150 мың доза Қытайдың коронавирус вакцинасы жеткізілген еді.