Фото: Қырғыз ТЖМ
Қырғызстанның Ақ-Сай шатқалында қар көшкіні болып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 2024 жылдың 16 қазанында Шатқал ауданында орын алды. Құтқарушылар 18 қазанда Ақ-Сай асуынан үш адамның денесін тапса, қалған үш адамның мәйіті 19 қазан күні таңертең анықталды. Қаза тапқандардың бірі Қытай азаматы болған.
"9 қазанда Қаныш Кия ауылының 14 тұрғыны мен бір Қытай азаматы өсімдіктер тамырын жинау үшін тауға шығып, 16 қазанда жоғалып кеткен. Олардың сегізі Қорған-Сай ауылының маңынан аман табылғаны хабарланды", - деп мәлімдеді Қырғыз Республикасы ТЖМ баспасөз қызметі.
Жоғалғандарды іздеу жұмыстарына ондаған адам қатысып, тікұшақ та жұмылдырылды.