Фото: Kabar
Қырғызстанның Ош облысындағы Ноокат ауданында жүрген селдің салдарынан мерт болғандар саны 9 адамға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Абшир-Ата ауылында кішкентай баланың денесі табылып, милицияға тапсырылды. Қазіргі таңда баланың кім екені анықталып жатыр.
Селдің салдарынан құрбан болғандарды іздестіруге 373 адам жұмылдырылған.
Осыған дейін Қырғызстанда жойқын сел тасқынынан қазақстандық балалардың құрбан болғаны белгілі болған еді.
Сондай-ақ Ош облысының Ноокат ауданында сел салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалғаны хабарланды.