17 мау, 2021 сағат 17:56

Қырғызстанда пандемияның "үшінші толқыны" басталды


Соңғы күндері Қырғызстан елінде коронавирус инфекциясына қатысты жағдай күрт нашарлады.

Бұған дейін болжамдалғандай, маусым былтырғы жылғыдай ел үшін күрделі сынаққа айналуы мүмкін. Статистика бойынша, күн сайын ауруға шалдығудың жаңа оқиғаларының саны тек өсіп келеді (күніне 1000 оқиғаға жақындап келеді). Вакциналау жүргізілгенімен, препараттар әзірге бәріне бірдей жетіп жатқан жоқ. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Қырғызстанның КАБАР ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Осыған байланысты, жақында ел билігі Қырғызстанда коронавирустың үшіншгі толқыны басталып кеткенін мәлімдеді. Түрлі қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, билік халықты денсаулығына мұқият қарауға, қоғамдық орындарда маска тағуға, қолды жиі жуып тұруға үндеп отыр. 

Бішкекте бұдан да қатаң шаралар енгізу жоспарлануда. Осылайша, 17 маусымнан бастап ел астанасында көңіл көтеру мекемелерінің жұмысына қатысы бар бірқатар шектеулер енгізілетін болады. 

«Коронавирус инфекциясына шалдығу оқиғаларының күн сайын өсіміне байланысты 2021 жылдың 17 маусымынан бастап ойын-сайық мекемелері (түнгі клубтар, мейрамханалар, қоғамдық тамақтану орындары, дәмхана, караоке, барлар), соның ішінде сауда, ойын-сауық орталықтарында орналасқан көңіл көтеру орындарының жұмыс кестесіне шектеу енгізу шешімі қабылданған. Енді аталған орындар түнгі сағат 23:00-ден бастап таңғы сағат 7:00-ге дейін жұмыс істейтін болады», - делінген Бішкек мэриясының мәлімдемесінде. 

Әкімшіліңтен атап өткендей, бұл шешім әлеуметтік блок жөніндегі вице-мэр Виктория Мозгачеваның төрағалығымен өткен қалалық төтенше эпидемияға және эпизоотияға қарсы комиссияның отырысы барысында қабылданған. 

«Комиссия мүшелері Бішкек қаласындағы эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус инфекциясының одан ары таралуын болдырмау бойынша қабылданып отырған шараларды талқыға салған. Оның қорытындысы бойыша шектеу енгізу туралы тиісті шешім қабылданды», - деп атап өтті қалалық мэриядан. 

Бұдан бөлек, қоғамдық көлік ішінде санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау бойынша рейдтер жүргізіледі. Бішкек вице-мэрі ел астанасындағы аялдамалар мен қоғамдық көліктерде маскаларды тегін тарату мәселесі қарастырылып жатқанын атап өтті.