Мәскеуде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің қасында бірге жүрген екі адамның коронавирусқа тапсырған анализі оң нәтиже берді. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының аппараты мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Кабарға сілтеме жасап.
«Алгоритмге сәйкес, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, делегация мүшелері мен Мәскеу қаласына ұшып келгенде күтіп алған адамдар COVID-19-ға тест жасады. Қасында жүрген екі адамнан індет табылды» делінген хабарламада.
Атап айтқанда, Қырғызстан президенті аппараты сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Данияр Сыдықов пен тағы бір күзет қызметкерінің анализінен оң нәтиже шыққан.
Осыған байланысты Қырғызстан президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған шараға қатысудан бас тартқан.