30 қаз, 2024 сағат 11:40

Қырғызстан әнұраны қайта жазылады

Фото: ашық дереккөз

Қырғызстан әнұраны қайта жазылатын болды, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл бастаманы қырғыз басшысы Садыр Жапаров қолдады. Ол қазіргі әнұран 33 жыл бұрын Қырғызстан тәуелсіздік алған кезде жазылғанын мәлімдеді. 

Қырғыз Республикасының мемлекеттік әнұраны 1992 жылы 18 желтоқсанда Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңестің қаулысымен бекітілген.

Бастапқыда ол үш шумақ пен қайырмадан тұрды, бірақ 2012 жылғы 27 желтоқсандағы Жоғарғы Кеңестің қаулысымен екінші шумақ алынып тасталды.