Фото: depositphotos.com
Өзбекстан БАҚ беттерінде Ташкент облысы Аққорған ауданында 23 жастағы келін күйеуі, абысыны және енесі тарапынан аяусыз соққыға жығылып, комаға түскені туралы хабарланған. Кеше, 24 қаңтар күні, әйел алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы облыстық Ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Бабур Тұлағанов мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
"Өкінішке қарай, 23 жастағы әйелге көрсетілген медициналық ем-домдарға қарамастан, ол бүгін ауруханада көз жұмды. Ташкент облысының Ішкі істер басқармасы марқұмның туыстарына шынайы көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады", – делінген хабарламада.
Хабарламада бұл жағдай жәбірленушінің өліміне әкелгендіктен, қозғалған қылмыстық іс Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 1261-бабы (отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық) 8-бөлімі "г" тармағы бойынша қайта тергеліп жатқаны айтылған, тергеу жұмыстары жалғасуда.