Синоптиктердің болжауынша сәрсенбі елімізде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
«29 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты сақталады – найзағайлы жаңбыр, солтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты нөсер жауады. Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде антициклон жотасының әсерінен күн райы ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғуы, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстігінде тұман түсуі ықтимал», делінген ауа райы болжамында.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с, түнде және таңертең кей жерлерінде – тұман түсуі мүмкін.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстрының кей жерлерінде – дауыл соғады, бұршақ жауып, желдің күшеюі мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар, Қарағанды облыстарында екпіні 23-28 м/с жетежі.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауады Желдің күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертен тұман түсуі мүмкін.
Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Атырау, Қызылорда облыстары, Ақтөбе, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Жамбыл, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіпі сақталады.