Сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде циклон әсерінен найзағайлы жаңбыр немесе бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, 8 маусымда еліміздің басым бөлігінде оңтүстіктен келген циклонға байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен найзағайлы жаңбыр немесе кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман түсуі ықтимал.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, Батыс Қазақстан облысында дауыл жел соғады, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Жамбыл, Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, Түркістан облысында дауыл, шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.